$ 485.82  554.03  6.24

«Әр қадамы тиянақты»: Америкалық сарапшы Асу Алмабаев туралы

Бірақ Асу оның әрбір қадамына лайықты жауап тауып отырды.

Фото: UFC
Фото: UFC

Америкалық ММА сарапшысы, комментатор әрі подкаст жүргізушісі Ар Джей Клиффорд қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаевтың америкалық Чарльз Джонсонмен өткен жекпе-жектегі өнерін жоғары бағалады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Еске салайық, Алмабаев 27 маусым күні UFC Fight Night аясында өткен кездесуде қарсыласын үшінші раундта сирек қолданылатын Сулоев созу әдісімен (Suloev Stretch) мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Ар Джей Клиффордтың айтуынша, Чарльз Джонсон жекпе-жекке жақсы дайындықпен шыққанымен, қазақстандық спортшы қарсыласының әрбір әрекетіне дер кезінде жауап тауып отырды.

«Чарльз Джонсонның Асу Алмабаевқа қарсы жоспары да, оны орындауы да өте жақсы болды. Бірақ Асу оның әрбір қадамына лайықты жауап тауып отырды», – деп жазды америкалық сарапшы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бұл жеңістің нәтижесінде Асу Алмабаев UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингте бір саты жоғарылап, жетінші орыннан алтыншы орынға көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0