$ 480.72  548.07  6.14

Елена Рыбакина жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады

Екінші айналымда Рыбакина америкалық Кэти Макнэлли мен румыниялық Габриэла Русе арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Уимблдон турниріндегі жорығын жеңіспен бастап, екінші кезеңге өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Лондонда өтіп жатқан «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдің бірінші айналымында қазақстандық спортшы франциялық Лоис Буассонға қарсы кортқа шықты. Үш сетке созылған кездесуде Рыбакина 6:4, 1:6, 6:3 есебімен басым түсті.

1 сағат 49 минутқа жалғасқан матчта қазақстандық теннисші алғашқы партияны өз пайдасына аяқтап, екінші сетте қарсыласына жол берді. Дегенмен шешуші кезеңде ойын тізгінін қайта қолға алып, келесі айналымға жолдама алды.

Енді Елена Рыбакина турнирдің екінші кезеңінде америкалық Кэти Макнэлли мен румыниялық Габриэла Русе арасындағы кездесудің жеңімпазымен күш сынасады.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0