$ 480.72  548.07  6.14

Алматыда Денис Тен атындағы көше пайда болды

Тұңғыш Президент саябағының оң жағындағы, «Архат» ықшамауданындағы 7-көше енді спортшының есімімен аталады.

Фото: Спутник
Фото: Спутник

Алматыда Денис Тен, Наталья Сац және Әмен Қайдаров атындағы жаңа көшелер пайда болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алматы әкімдігінің қаулысымен, қаладағы ондаған көшеге жаңа атау берілді.

Олардың арасында Вьетнамның бұрынғы президенті Хо Ши Мин, режиссер, театр қайраткері Наталья Сац, академик Әбдуәли Қайдар есімдері бар. Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Теннің аты да бір көшеге берілді. Тұңғыш Президент саябағының оң жағындағы, «Архат» ықшамауданындағы 7-көше енді спортшының есімімен аталады. Дәл осы аудандағы 2-көшеге белгілі кинорежиссер, суретші Әмен Қайдаровтың аты беріледі.

Ал Бостандық ауданындағы 26-көше енді Әбдіжәміл Нұрпейісов, ал «Мамыр-1» және «Мамыр-2» шағынаудандарының арасындағы 3-көше Рәбиға Сыздық атындағы көше деп аталады.

Алматыда Денис Теннің құрметіне қойылған ескерткіш те бар. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0