$ 479.26  546.21  6.13

Балауса Мұздыман бір жыл үзілістен кейін рингке оралмақшы

Ал оның қарсыласы кім болмақ?

Фото: instagram.com/muzdi___/
Фото: instagram.com/muzdi___/

Қазақстандық боксшы қыз Балауса Мұздыман (9-0, 7 КО) шілдеде Алматыда кезекті жекпе-жегін өткізетінін мәлімдеді. Кәсіпқой бокс кеші «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өтеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Балауса бұған дейін АҚШ-та оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын. Ол соңғы рет 11 ай бұрын Алматыда жекпе-жекке шығып, үндістандық Мамта Сингхты нокаутпен жеңген еді.

«25 шілдеде ұзақ үзілістен кейін келесі Балауса Мұздыман рингке оралады. Ал оның қарсыласы кім болмақ? Басты сұрақтың жауабын жақын күндері білетін боламыз. 25 шілде, Алматы, «Балуан Шолақ» спорт сарайы», - деп жазды боксшы қыздың өкілдері әлеуметтік желіде.

Мұздыман былтыр 27 желтоқсанда рингке шығуы тиіс болған. Алайда, мойнынан жарақат алып, бұл жекпе-жек өтпей қалды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0