$ 474.47  541.37  6.08

Ендігі қарсылас Испания: Португалия Хорватияны жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды (ВИДЕО)

Енді бас бапкер Роберто Мартинес жетекшілік ететін Португалия құрамасы 1/8 финалда Испаниямен кездеседі.

Фото: Чемпионат
Фото: Чемпионат

футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Португалия құрамасы Хорватияны 2:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Канададағы Торонтодағы BMO Field стадионында өткен кездесуге норвегиялық төреші Эспен Эскос бастаған төрешілер бригадасы қазылық етті.

Португалия сапында Криштиану Роналду пенальтиден есеп ашса, Гонсалу Рамуш матчтың қосымша уақытының 90+4-минутында жеңіс голын соқты. Ал Хорватия құрамасының жалғыз голын Иван Перишич енгізді.

Кездесу барысында төрешілер бірнеше голды есепке алмады. Португалияның бір голы (Криштиану Роналду), ал Хорватияның екі голы офсайдқа байланысты күшін жойды. Оның ішінде екінші гол қосымша уақыттың 90+13-минутында соғылған еді.

Енді бас бапкер Роберто Мартинес жетекшілік ететін Португалия құрамасы 1/8 финалда Испаниямен кездеседі.

Португалия құрамасы С тобында Өзбекстанды 5:0 есебімен жеңіп, ДР Конгомен (1:1) және Колумбиямен (0:0) тең ойнап, топта екінші орынмен плей-офф кезеңіне шыққан болатын.

Ал Хорватия L тобында Англиядан 2:4 есебімен жеңілгенімен, Панама (1:0) және Гана (2:1) құрамаларын жеңіп, плей-оффқа жолдама алған еді.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында Канада, АҚШ және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің қазіргі чемпионы – Аргентина ұлттық футбол құрамасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0