Жарыстың жүлде қоры – 30,33 миллион доллар.
Әлемдік рейтингтің екінші сатысында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
1/32 финалда отандасымыз америкалық теннисші Кэти Макнеллимен (№50) кортқа шыққан. Матч небәрі 1 сағат 11 минутқа созылып, Рыбакинаның жеңісімен айқталды, есеп – 6:1, 6:2.
Екі сетте қос теннисші бір-бірден эйс жасаса, Рыбакинада – 3, Макнеллиде 4 даблфол бар.
Үшінші айналымда қазақстандық теннисші бельгиялық Элизе Мертенспен (№27) кездеседі. Ол бүгін Өзбекстан өкілі Мария Тимофееваны жеңді, есеп – 2:6, 6:3, 6:0.
Айта кетейік, «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон турнирі биыл 29 маусымда басталып, 12 шілдеге дейін жалғасады. Жарыстың жүлде қоры – 30,33 миллион доллар.