$ 474.47  541.37  6.08

Криштиану Роналду Португалия – Хорватия матчының ең үздік ойыншысы атанды

Роналду – тарихта алты әлем чемпионатында гол соққан алғашқы футболшы.

Фото: Maja Hitij/FIFA via Getty Images
Фото: Maja Hitij/FIFA via Getty Images

Португалия құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Криштиану Роналду Хорватияға қарсы өткен матчтың ең үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

 

Командалар арасындағы 1/16 финал ойыны Канаданың Торонто қаласында өтіп, 2:1 есебімен португалиялықтардың жеңісімен аяқталды. 

Роналду негізгі құрамда алаңға шығып, 68-минутта пенальтиді сәтті орындап, есепті теңестірді. 81-минутта оны жартылай қорғаушы Рубен Невеш алмастырды. 

Осылайша, 41 жастағы португалиялық футболшы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі ең егде қатысушы және гол соққан ең жасы үлкен ойыншы атанды. Бұл оның 2026 жылғы әлем чемпионатындағы үшінші голы. 

Айта кетейік, Роналду – тарихта алты әлем чемпионатында гол соққан алғашқы футболшы. Қазір оның әлем біріншіліктерінде соққан жалпы голының саны – 11.

Сонымен қатар Роналду ұлттық құрама сапында өткізген матчтары (232) және соққан голдары (146) бойынша өзіне тиесілі әлемдік рекордтарды жаңартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0