Көз жасын жасыра алмаған Роналду көкке саусағын көтеріп, ұлттық құраманың жеңісін бұрынғы әріптесінің рухына арнады.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Португалия құрамасы Хорватияны 2:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Алайда кездесуден кейінгі ең әсерлі сәт жеңістен гөрі Криштиану Роналдудың әрекеті болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Матч аяқталған соң Португалия шабуылшысы марқұм Диогу Жотаның жейдесін киіп алаңға шықты. Көз жасын жасыра алмаған Роналду көкке саусағын көтеріп, ұлттық құраманың жеңісін бұрынғы әріптесінің рухына арнады.
Ойын драмалық сценариймен өрбіді. Алғаш болып хорватиялық Иван Перишич есеп ашқанымен, екінші таймда Роналду пенальтиден мүлт кетпей таразы басын теңестірді. Ал қосымша уақытта Рафаэл Леаудың пасын тиімді пайдаланған Гонсалу Рамуш жеңіс голын соғып, Португалияны әлем чемпионатының 1/8 финалына шығарды.
Бұл кездесу португалиялықтар үшін ерекше мәнге ие болды. Себебі ұлттық құраманың және Англияның «Ливерпуль» клубының бұрынғы шабуылшысы Диогу Жота 2025 жылғы 3 шілдеде Испанияның солтүстік-батысында болған жол апатынан қаза тапқан еді. Көлік ішінде болған оның інісі Андре Силва да апаттан аман қалған жоқ.
Сондықтан Хорватияны жеңіп, келесі кезеңге өткен Португалия құрамасы бұл жетістігін Диогу Жотаның рухына арнады. Ал матчтан кейін әлеуметтік желілерде Роналдудың Жотаның жейдесін киіп, көкке қарап тағзым еткен әсерлі сәті кеңінен таралып жатыр.