$ 472.03  540.29  6.11

Әлем чемпионаты: Аргентина соңғы минуттарды Мысырды шаң қаптырды

Енді Лионель Мессидің командасы ширек финалда Швейцария – Колумбия жұбының қай жеңгенімен кездеседі.

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images

Әлем чемпионатының 1/8 финалында Аргентина құрамасы Египетпен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Әлем чемпиондары екі доп айырмасымен жеңіліп тұрып, небәрі он үш минутта үш гол соғып жеңісті жұлып алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бірінші таймда Мысыр қорғаушысы Яссер Ибрахим есеп ашқан. Артынша төреші Аргентина пайдасына пенальти белгіледі. Алайда, Месси 11 метрлік нүктеден гол соға алмай, командалар үзіліске тарқасқан.

Екінші таймда да Египет құрамасы сауатты қорғанып, қарымта шабуылдардың бірінде Зико есепті 2:0-ге жеткізді (67-минут). Алайда, олар өз жеңісін ерте тойлап қойса керек, қорғанысты ұмытып кетті. Соның салдарынан алдымен Ромеро 79-минутта есепті қысқартса, Месси 83-минутта теңестірді. Ал, төреші қосқан қосымша уақытта Энцо Фернандес жеңіс голын соғып кетті.

Енді Лионель Мессидің командасы ширек финалда Швейцария – Колумбия жұбының қай жеңгенімен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0