$ 464.71  531.26  6.05

Бибісара Асаубаева халықаралық шахмат турнирінің ширек финалына шықты

1/8 финалда қазақстандық гроссмейстер Өзбекстан өкілі Афруза Хамдамованы үш ойын кезеңінің барлығында да жеңіп шықты.

Фото: Chess.com
Фото: Chess.com

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Women's Speed Chess Championship онлайн турнирін сәтті бастады. Ол жарыстың алғашқы кезеңінде Өзбекстан өкілі Афруза Хамдамованы сенімді түрде жеңіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

1/8 финалда қазақстандық гроссмейстер Өзбекстан өкілі Афруза Хамдамованы үш ойын кезеңінің барлығында да жеңіп шықты.

Алдымен 5+1 уақыт бақылауымен өткен блицте Бибісара Асаубаева 3,5:1,5 есебімен басым түсті. Кейін 3+1 форматындағы кездесуде де 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Матчтың соңғы кезеңі – 1+1 уақыт бақылауымен өткен пулда да қазақстандық шахматшы қарсыласынан басым түсіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Осы жеңістің арқасында Бибісара Асаубаева беделді Women's Speed Chess Championship турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0