27.07.2026, 15:20

Рыбакина WTA рейтингінде Соболенкоға жақындай түсті

Фото: WTA

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева жаңартылған рейтингте 79-орында тұр.

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемнің екінші теннисшісі мәртебесін сақтап қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Рыбакинаның еншісінде 8 056 ұпай бар. Ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкодан небәрі 494 ұпайға қалып келеді. Беларусь өкілі 8 550 ұпаймен көш бастап тұр.

WTA рейтингінің үздік бестігі:

Арина Соболенко (Беларусь) — 8 550 ұпай; Елена Рыбакина (Қазақстан) — 8 056; Джессика Пегула (АҚШ) — 6 300; Коко Гауфф (АҚШ) — 5 649; Мирра Андреева (Ресей) — 5 293.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева жаңартылған рейтингте 79-орында тұр. Оның еншісінде 904 ұпай бар.

Ал қазақстандық теннисшілердің қатарында Жібек Құламбаева 465-орында, Аружан Сағандықова 624-сатыда, ал Асылжан Арыстанбекова 941-орынға жайғасты.