27.07.2026, 17:30

Испаниялық маман «Семейдің» бас бапкері атанды

Фото: instagram.com/fcsemey

Аслан Смақовтың жаттықтырушылар штабына бас бапкердің көмекшісі ретінде келген болатын.

«Семей» футзал клубы Серджи Альтисенттің негізгі құрамға бас бапкер болып тағайындалғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Испаниялық маман командаға 2025 жылдың 2 қыркүйегінде Аслан Смақовтың жаттықтырушылар штабына бас бапкердің көмекшісі ретінде келген болатын. Қазақстанға дейін Альтисент үш маусым бойы «Барселона» клубының резервтік командасын жаттықтырып, жас ойыншылардың дамуына үлес қосты.

2026 жылдың 13 наурызында Серджи Альтисент «Семей» клубының бас бапкері міндетін уақытша атқарушы ретінде жұмысын жалғастырды. Оның басшылығымен команда Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңін көш бастап аяқтап, плей-офф финалына жолдама алды.

Маманның атқарған жұмысына оң баға берген клуб басшылығы оны негізгі команданың толыққанды бас бапкері ретінде бекіту туралы шешім қабылдады. Серджи Альтисентпен келісімшарт 2026/27 маусымының соңына дейін жасалды.