Шавкат Рахмонов кәсіби мансабында 19 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Қазақстандық жеңілмеген UFC файтері Шавкат Рахмоновтың октагонға қайта оралуы кейінге шегерілуі мүмкін, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Unforgettable MMA порталының мәліметінше, спортшыны емдеп жатқан дәрігер Михаил Маркуарт Шавкат Рахмоновтың 2026 жылы жекпе-жекке шығуы екіталай екенін айтқан.
Маманның сөзінше, медициналық штаб қазақстандық файтерге биыл жарысқа қатысуға рұқсат беретін қорытынды бермеуі мүмкін. Алдын ала болжам бойынша, Рахмонов октагонға тек 2027 жылдың көктемінде оралады.
Шавкат Рахмоновтың ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізбей, тізе жарақатын емдеуі UFC жартылай орта салмақ дивизионындағы жағдайға да ықпал етті. Бір жарым жылға жуық уақыт бойы белдеспеген спортшы ұйымның ресми рейтингінен уақытша шығарылған.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов кәсіби мансабында 19 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.