$ 476.07  541.86  6.08

Михайл Шайдоров әлемдік жұлдыздармен бірге Францияда өнер көрсетеді

9 тамызда өтетін шоу бағдарламасының қоюшысы – танымал француз хореографы Бенуа Ришо.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Милан-2026 Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоров Францияның Анже қаласында өтетін L’Art du Patinage («Мәнерлеп сырғанау өнері») мұз шоуына қатысады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

9 тамызда өтетін шоу бағдарламасының қоюшысы – танымал француз хореографы Бенуа Ришо. Шайдоровтың бұл жобаға шақырылуына спортшының дәл осы маманмен шығармашылық серіктестігі себеп болған.

Анжедегі шоуда Михаил Шайдоровпен бірге Еуропа чемпионы Ника Эгадзе, Еуропаның екі дүркін чемпионы әрі әлем чемпионатының қола жүлдегері Адам Сяо Хим Фа, Ресейдің екі дүркін чемпионы Евгений Семененко, 2026 жылғы әлем чемпионатында төртінші, Милан Олимпиадасында бесінші орын алған канадалық Стивен Гоголев және америкалық мәнерлеп сырғанаушы Алина Бонильо өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров Милан-2026 Олимпиадасында екі бағдарлама қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, Олимпиада чемпионы атанған болатын. Сонымен қатар оның еншісінде 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесі, төрт құрлық чемпионатының алтыны, 2025 жылғы Азия ойындарының қоласы, Қазақстан чемпионатындағы бес жеңіс және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдесі бар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0