$ 476.07  541.86  6.08

Сергей Цырульников лауазымды қызметке тағайындалды

Сондай-ақ ұйым жаңа вице-президенттің спортшыларды біріктіріп, саланың дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Фото: instagram.com/wf_rk
Фото: instagram.com/wf_rk

Қазақстандық танымал спортшы әрі қоғам қайраткері Сергей Цырульников Ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы федерацияның ресми парақшасында жарияланды. Федерация мәліметінше, оның мол тәжірибесі, көшбасшылық қабілеті мен жауапкершілігі ауыр атлетиканың дамуына тың серпін береді. Сондай-ақ ұйым жаңа вице-президенттің спортшыларды біріктіріп, саланың дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, Сергей Цырульников – Қазақстан Республикасының Ізгі ниет елшісі, Туризм және спорт министрлігінің ресми амбассадоры. Ол «Құрмет» және «Достық» мемлекеттік ордендерінің иегері, Гиннестің рекордтар кітабына жеті рет енген рекордшы және әлемдік деңгейдегі бірнеше рекордтың авторы. Сонымен қатар, көптеген әлеуметтік және қайырымдылық жобалардың бастамашысы ретінде де танымал.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0