$ 475.38  547.73  5.93

«Қайрат» футбол клубы үш матчына қатысты мәлімдеме жасады

Жаңа мерзімі қосымша хабарланатын болады.

Фото: Инстаграм
Фото: Инстаграм

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасындағы алдағы үш үй матчына қатысты өзгерістер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кездесулердің өтетін орны мен уақыты Алматыдағы Орталық стадионда жоспарланған бұқаралық іс-шаралар мен одан кейінгі техникалық жұмыстарға байланысты өзгертілген.

Бұған дейін хабарланғандай, 14 тамызда Алматыда америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті өтетіндіктен, «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарымта кездесуі 11 тамызда Түркістанда ұйымдастырылады.

Сондай-ақ Премьер-лигадағы бірнеше матчтың кестесіне түзету енгізілді. 8 тамызға жоспарланған «Қайрат» – «Жеңіс» кездесуі кейінге шегерілді. Оның жаңа өтетін күні кейінірек жарияланады.

15 тамызда өтетін «Қайрат» – «Ұлытау» матчы Орталық стадионда емес, Тимур Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК академиясының алаңында ойналады.

Ал 22 тамызға белгіленген «Қайрат» – «Ертіс» кездесуі елдегі Құрылтай сайлауын өткізуге байланысты басқа күнге ауыстырылды. Жаңа мерзімі қосымша хабарланатын болады.

Еске салайық, бүгін, 4 тамызда «Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Болгарияның «Левски» клубымен кездеседі. Ал қарымта матч 11 тамызда Түркістанда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0