04.08.2026, 17:00

ПСЖ Астанада өз футбол академиясын ашады

Фото: PSG.fc

Барлық жаттығулар клубтың ресми әдістемесі бойынша жүргізіледі.

Францияның «Пари Сен-Жермен» футбол клубы Астанада өз академиясының ашылатынын ресми түрде жариялады. Жаңа спорт орталығы 6 мен 14 жас аралығындағы 300-ге жуық жас ойыншыны қабылдайды, деп хабарлайды «24KZ».

Академияны кәсіпкер Алмаз Әлсенов басқарады. Жаңа футбол академиясы қыркүйек айынан бастап және маусым бойы іріктеу жүргізеді. Жаттығулар елордадағы FIFA стандарттарына толық сәйкес келетін заманауи жабық спорт кешені – «Эйр Арена» стадионында өтеді.

6 мен 14 жас аралығындағы 300 ұл мен қыз жасы мен дайындық деңгейіне қарай топтарға бөлінеді. Әрбір топ үшін апта сайынғы жаттығуларды, жазғы лагерьге баруды, турнирлер мен халықаралық іс-шараларға қатысуды қамтитын арнайы бағдарлама әзірленген.Бұл тәсіл әр баланың алаңда да, өмірде да жан-жақты дамуына ықпал етеді. 

Барлық жаттығулар клубтың ресми әдістемесі бойынша жүргізіледі. Жаттықтырушылар Париждегі орталық техникалық командалардың бақылауымен арнайы оқытудан өтеді. 

Біз Қазақстанда ПСЖ академиясын таныстырғанымызды және жас ойыншыларға әлемдік деңгейдегі жаттығу әдістемесіне қол жеткізуге мүмкіндік беріп отырғанымызды мақтан тұтамыз, – деді Қазақстандағы ПСЖ академиясының негізін қалаушы Алмаз Әлсенов.

Қазақстан ПСЖ академияларының жаһандық желісіне қосылған 24-ші ел атанды. Болашақта клуб Қазақстанның басқа да қалаларында филиалдарын ашуды жоспарлап отыр.