05.08.2026, 10:40

Өкінішті жеңіліс: «Қайрат» соңғы сәтте гол өткізіп алды

Фото: Қайрат ФК

Матчтың алғашқы бөлігінде екі команда да сақтық танытып, шабуылға асықпады.

УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» Болгарияда жергілікті «Левскиге» қарсы алғашқы ойынын өткізіп, соңғы минутта жіберген голдың салдарынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Матчтың алғашқы бөлігінде екі команда да сақтық танытып, шабуылға асықпады. Нәтижесінде бірінші таймда есеп ашылмай, командалар үзіліске тең нәтижемен аттанды.

Екінші таймда ойын қарқыны артып, қос бапкер де құрамға өзгерістер енгізді. Дегенмен кездесудің тағдырын бір ғана сәт шешті. Қосымша уақыттың екінші минутында Сула дәл пас шығарып, оны Сержиньо голға айналдырды. Осылайша «Левски» 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Сырт алаңдағы жеңіліске қарамастан, «Қайраттың» келесі кезеңге жолдама алу мүмкіндігі сақталып отыр. Қарымта кездесу 11 тамызда Түркістанда өтеді. Матч билеттері 5 тамыздан бастап сатылымға шығарылады.