Оның бұл голы командасына маңызды нәтиже алуға ықпал етті.
Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтбаевтың Лондонның «Челси» клубы сапында соққан голы Sydney Super Cup турниріндегі ең үздік гол деп танылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Отандық ойыншы «Уэстерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы кездесуде әдемі комбинацияны сәтті аяқтап, мергендік танытқан болатын. Оның бұл голы командасына маңызды нәтиже алуға ықпал етті.
Турнир қорытындысы бойынша жанкүйерлер арасында өткен дауыс беруде Сәтбаевтың соққысы ең көп қолдауға ие болып, «ең әдемі гол» номинациясының жеңімпазы атанды.
Австралиядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтаған «Челси» маусым алдындағы дайындықтарын жалғастырып жатыр. Лондондық клуб бүгін, 5 тамызда кезекті жолдастық кездесуін Туриннің «Ювентусына» қарсы өткізеді.