$ 469.85  542.16  5.78

Триллерге айналған матч: Рыбакина Торонтода мінез көрсетті

Екі теннисшінің кездесуі 7 тамызға жоспарланған.

Фото: Чемпионат
Фото: Чемпионат

Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық теннисші 1/32 финалда Австралия атынан өнер көрсететін Дарья Касаткинаны (WTA рейтингінде 61-орын) үш сетке созылған тартысты кездесуде жеңді. Екі сағат 35 минутқа созылған матч 6:3, 5:7, 6:4 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.

Осы жеңістің арқасында Елена Рыбакина турнирдің 1/16 финалына жолдама алды. Келесі кезеңде ол АҚШ теннисшісі Энн Лименмен (WTA рейтингінде 31-орын) кездеседі.

Екі теннисшінің кездесуі 7 тамызға жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0