Бұл жолы қазақстандық спортшылар Уругвай құрамасымен кездесіп, қарсыласын 22:5 есебімен ойсырата жеңді.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы су добынан Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл жолы қазақстандық спортшылар Уругвай құрамасымен кездесіп, қарсыласын 22:5 есебімен ойсырата жеңді.
Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәліметінше, кездесудің үздік ойыншысы болып қазақстандық Максим Сасин танылды.
Енді ұлттық құрама 6 тамызда Түркия құрамасына қарсы матч өткізеді.
Айта кетейік, әлем чемпионатының алғашқы турында Қазақстан құрамасы Мысырдан жеңілсе, екінші кездесуде Сингапурды жеңген болатын.