Жаттықтырушының қазасына не себеп болғаны ресми түрде жарияланған жоқ,
"Астана" футбол орталығының жаттықтырушысы әрі футбол және футзалдан Қазақстан ұлттық құрамаларының бұрынғы ойыншысы Александр Лисин 55 жасына қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жаттықтырушының қазасына не себеп болғаны ресми түрде жарияланған жоқ, бірақ БАҚ жүрек ауруы себеп болуы мүмкін екенін жазды.
Целиноград футболының тәрбиеленушісі мансабын "Целинникте" бастап, кейін "Жеңіс" пен "Наша компания" сапында ойнаған. 1994 жылы ұлттық құрамаға шақырту алып, ел намысын төрт кездесуде қорғады.
Футболдағы мансабын аяқтаған соң, біраз уақыт футзал ойнап, бұл спорт түрінен де ұлттық құрама деңгейіне дейін көтерілді. Кейін бапкерлікке ауысып, "Астана" ФК-ның жастарды тәрбиелейтін мамандар тобына қосылды.