Қазақстандық спортшы соңғы жекпе-жегін 27 маусымда Бакуде өткен UFC Fight Night 280 турнирінде өткізген.
Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев бразилиялық джиу-джитсу мен грэпплингтен өтетін ACBJJ лигасының ресми қатысушысы атанды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады sn.kz ақпарат порталы.
«ACBJJ-ге қош келдіңіз, Асу Алмабаев!» – делінген промоушеннің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қазақстандық спортшы соңғы жекпе-жегін 27 маусымда Бакуде өткен UFC Fight Night 280 турнирінде өткізген. Ол америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.
Алмабаев қарсыласын сирек кездесетін аяққа жасалатын ауырту әдісі арқылы берілуге мәжбүр етті. Осы жеңісі үшін қазақстандық файтерге «Кештің үздік өнері» номинациясы бойынша 100 мың доллар көлемінде бонус табысталды.
Енді Асу Алмабаев ACBJJ лигасында да өнер көрсетеді. Бұл промоушенде Арман Царукян, Белал Мухаммад, Мовсар Евлоев, Забит Магомедшарипов және Бенсон Хендерсон секілді танымал файтерлер бар.
Қазақстандық спортшылар арасынан ACBJJ турнирлеріне бұған дейін Қуат Хамитов қатысқан.