Қазақстандық спортшылар жарыста төрт қола медаль жеңіп алды.
Қазақстандық таеквондошылар Индонезияның Джакарта қаласында өткен халықаралық жарыста жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық спортшылар жарыста төрт қола медаль жеңіп алды.
ҚР ҰОК мәліметінше, 54 келіге дейінгі салмақта Баходир Шапулатов, 63 келіге дейінгі санатта Жасурбек Исроилов, 80 келіге дейінгі салмақта Абдурахман Марипов және 87 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Қожахмет жүлделі үшінші орынға ие болды.
Сонымен қатар Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне нидерландтық маман Джон ван'т Схиптің тағайындалғанын хабарлады. Жаңа бас бапкерді таныстыру рәсімі Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде өтіп, маманның қызметке кірісетіні ресми түрде жарияланды.