$ 469.93  541.64  5.71

Лионель Мессидің әкесі 68 жасында қайтыс болды

Хорхе Мессидің өлім себебі әзірге айтылған жоқ.

Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Аргентиналық футболшы Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси Росарио қаласындағы клиникада 68 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Infobae мәлімдеді. 

Хорхе Мессидің өлім себебі әзірге айтылған жоқ. Белгілі болғандай, ол ұзақ уақыт бойы аурумен күресіп, ем қабылдаған.

Бұған дейін футболдан әлем чемпионатындағы Алжирге қарсы матчтан кейін Лионель Месси көз жасына ерік берген еді. Сол ойында футболшы хет-трик жасаған. Месси өз эмоциясының өміріндегі ауыр кезеңмен байланысты екенін айтқан. Кейін оның әкесінің денсаулығына байланысты мәселелерге тап болғаны белгілі болды.

Маусым айында Месси отбасы Хорхе Мессидің ем қабылдап жатқанын және оның жағдайы тұрақты екенін хабарлаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0