$ 469.93  541.64  5.71

Дастан Сатпаев «Миланға» қарсы кездесуді қосалқы құрамда өткізді

Дастан Сәтпаев ресми түрде 2026 жылғы 12 тамызда, 18 жасқа толған күні «Челси» ойыншысы атанады. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Лондондық «Челси» Джакартада өткен жолдастық кездесуде италиялық «Миланнан» басым түсті. Ойын ағылшын клубының 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Кездесуде «Челси» шабуылшысы Жоау Педро дубль жасап, командасын алға шығарды. Ал үшінші голды жартылай қорғаушы Мойсес Кайседо соқты.

Қазақстан құрамасы мен «Челси» клубының шабуылшысы Дастан Сатпаев матчқа өтінімге енгізілгенімен, алаңға шыққан жоқ. Футболшы кездесуді қосалқы құрамдағы ойыншылар қатарында өткізді.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев ресми түрде 2026 жылғы 12 тамызда, 18 жасқа толған күні «Челси» ойыншысы атанады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0