Жарыстың кезекті күнінде Қазақстандық Ксения Прозорова тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.
Ташкентте (Өзбекстан) жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жарыстың кезекті күнінде Қазақстандық Ксения Прозорова тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.
Спортшы 61 келіге дейінгі жасөспірімдер санатында Азия чемпионы атанды. Қоссайыс қорытындысы бойынша Ксения 204 (94+110) келі көтерді.
Екінші орынды Өзбекстан өкілі Муниса Балтаева 200 (89+111) келі нәтижесімен иеленді. Иран спортшысы Хажар Седе 195 (90+105) келіні еңсеріп, үздік үштікті түйіндеді.