$ 466.08  538.56  5.65

Дастан Сәтпаев «Челсидің» негізгі құрамына енуі мүмкін - BBC

2026/27 жылғы маусымда қай жас ойыншылар өздерін көрсете алады?

Фото: ФК Челси
Фото: ФК Челси

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев 2026/27 жылғы маусымда «Челсидің» негізгі құрамына еніп, өзін көрсетуге ең үлкен мүмкіндік алған жас футболшылардың бірі ретінде аталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Британдық басылым жаңа маусым алдында Премьер-лиганың әр клубынан бір болашағы зор футболшыны таңдап, олардың арасынан Сәтпаевты да атап өтті. BBC қазақстандық шабуылшының «Челсидің» жаңа бас бапкері Хаби Алонсоның сеніміне ие болғанын ерекше атап өткен.

«2026/27 жылғы маусымда қай жас ойыншылар өздерін көрсете алады? Премьер-лиганың жаңа маусымы жақындап қалды. Біз чемпионаттағы әр клубтан маусымда серпіліс жасауға қабілетті 20 жас футболшыны таңдадық. Олардың кейбірі менеджерлер үшін нағыз олжаға айналуы мүмкін.

17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев жаңа бас бапкер Хаби Алонсоның жоғары бағасына ие болып, “Челсидің” негізгі құрамына бекінуге ең ықтимал үміткерлердің бірі саналады.

Сәтпаев “Уестерн Сидней Уондерерс” командасына қарсы кездесуде қақпаның жақын бұрышына қуатты соққы жасап, есеп ашты. Ол жылдам, физикалық тұрғыдан мықты және тұрақты түрде гол соға алатын ойыншы ретінде көрінді.

Оның Чемпиондар лигасында ойнаған тәжірибесі бар. Сонымен қатар Сәтпаев өз елінде супер жұлдызға айналып үлгерді және 2025 жылдан бері Қазақстан құрамасы сапында тоғыз матч өткізді», – деп жазды басылым.

Сәтпаев 12 тамызда 18 жасқа толып, «Челсидің» толыққанды ойыншысы атанады. Енді қазақстандық шабуылшы алдында Англиядағы алғашқы толық маусымында негізгі құрамнан орын алу міндеті тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Челси #Дастан