$ 465.74  537.23  5.62

Еркебұлан Тоқтар шаршы алаңға қайта оралады: қарсыласы – әлем чемпионы

Бұл жекпе-жек Еркебұлан Тоқтардың Артём Тарасовпен өткен кездесуінен кейінгі алғашқы айқасы болмақ.

Фото: nomadfighting
Фото: nomadfighting

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар 28 тамызда Астанада өтетін International Boxing Day турнирінде кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның қарсыласы – Өзбекстаннан шыққан муай-тайдан әлем чемпионы Бобиржон «Испанчик» Исроилов. Екі спортшы екінші орта салмақта кәсіби бокс ережесі бойынша шаршы алаңға шығады.

Бұл жекпе-жек Еркебұлан Тоқтардың Артём Тарасовпен өткен кездесуінен кейінгі алғашқы айқасы болмақ.

Жекпе-жек 28 тамыз күні Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде ұйымдастырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0