$ 465.74  537.23  5.62

«Жүрегім, туған күніңмен!»: Дастан Сәтбаевты анасы ерекше құттықтады (ВИДЕО)

Спортшының анасы Мәдина Сәтбаева ұлына арнап Instagram Stories парақшасында әсерлі жазба жариялады.

Коллаж: Turkystan.kz
Коллаж: Turkystan.kz

12 тамыз күні Қазақстан құрамасы мен Англияның «Челси» клубының шабуылшысы Дастан Сәтбаев 18 жасқа толды. Кәмелет жасына толған күні футболшыны ең жақын жандары – анасы мен інісі жылы лебіздерін білдіріп, құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Спортшының анасы Мәдина Сәтбаева ұлына арнап Instagram Stories парақшасында әсерлі жазба жариялады. Ол Дастанмен бірге түскен мұрағаттағы суретін бөлісіп, қысқа да жылы сөздерін жазды.

«Дастан, жүрегім, туған күніңмен! Сені жақсы көремін», - деген анасы.

Құттықтауға футболшының інісі Темірхан Сәтбаев та қосылды.

Ол да Stories парақшасында ағасымен түскен мұрағаттағы суретті жариялады. Дастан Сәтбаев өзінің 18 жасын Қазақстанның ең танымал жас футболшыларының бірі мәртебесінде қарсы алып отыр. Дәл осы күннен бастап ол лондондық «Челси» клубының толыққанды ойыншысы атанды

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0