$ 465.08  536.52  5.56

Криштиану Роналду шаш үлгісін өзгертті

Жарияланған суреттен португалиялық футболшының шашын қызыл-сары түске бояғанын байқауға болады.

Фото: Инстаграм
Фото: Инстаграм

«Аль-Наср» клубының капитаны әрі шабуылшысы Криштиану Роналду әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа образын көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жарияланған суреттен португалиялық футболшының шашын қызыл-сары түске бояғанын байқауға болады. Осылайша Роналду маусым басталар алдында сырт келбетін жаңартқан.

15 тамызда «Аль-Наср» Сауд Арабиясы Про-лигасының жаңа маусымындағы алғашқы матчын «Аль-Фатехке» қарсы өткізеді. Өткен маусымда Эр-Рияд клубы ел чемпионы атанған болатын.

Роналду өткен маусымда «Аль-Наср» мен Португалия құрамасы сапында барлық турнирді қоса есептегенде 42 ойын өткізіп, 36 гол соққан.

Португалиялық жұлдыздың «Аль-Насрмен» келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды.

Transfermarkt мәліметінше, қазіргі таңда Криштиану Роналдудың трансферлік құны 10 миллион еуроға бағаланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0