$ 465.08  536.52  5.56

Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды

Отандасымыз қоссайыстың нәтижесі бойынша 361 (163+198) келіні көтерді. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына үш медаль түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Нұржан Жұмабай жас жеткіншектер арасында 95 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 354 (159+195) келіні еңсерді. Осылайша алтын медаль жеңіп алды.

Әлихан Әскербай дәл осы салмақта жасөспірімдер арасында үшінші орын алды. Отандасымыз қоссайыстың нәтижесі бойынша 361 (163+198) келіні көтерді. 

Сондай-ақ 77 келіден жоғары салмақта жас жеткіншектер арасында Софья Шешукова 232 (100+132) келіні бағындырып, қола медаль жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0