$ 464.02  536.18  5.54

Серік Сәпиев спорт саласына сіңірген еңбегі үшін марапатталды

Мереке қарсаңында Ұлттық Олимпиадалық комитетінде де арнайы марапаттау рәсімі өтті.

Фото: Индустриальная Караганда
Фото: Индустриальная Караганда

Спорт күніне орай отандық спорттың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар спортшы, бапкер және сала мамандары арнайы марапаттарға ие болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Салтанатты шараны Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырды. Марапатталғандардың қатарында Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев те бар. Боксшыға «Дене шынықтыру және спорт саласына сіңірген еңбегі үшін» медалі табысталды.

Мереке қарсаңында Ұлттық Олимпиадалық комитетінде де арнайы марапаттау рәсімі өтті. Жиында еліміздің танымал боксшылары мен бапкерлеріне төсбелгілер табысталды.

Атап айтқанда, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Назым Қызайбай, Асқар Еркебаев және Елдос Сайдалин «ҚР Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» I дәрежелі Құрмет белгісімен марапатталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0