$ 464.02  536.18  5.54

Премьер-лигада көш бастады: «Ордабасы» «Алтайды» тізе бүктірді

Ал «Алтай» 19 ұпаймен турнир кестесінің төменгі жағында қалды.

Фото:  instagram.com/fc__ordabasy
Фото: instagram.com/fc__ordabasy

Қазақстан Премьер-лигасының 22-туры аясында Шымкенттің «Ордабасы» клубы өз алаңында Өскеменнің «Алтайын» қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қажымұқан атындағы орталық стадионда өткен кездесуде алаң иелері алғашқы минуттардан-ақ ойын тізгінін қолға алды. Сергей Малый 4-минутта есеп ашып, «Ордабасыны» алға шығарды. Бірінші таймның соңына қарай Берн Йонсен шымкенттік команданың басымдығын еселей түсті.

Екінші таймда да «Ордабасы» ойын барысын бақылауда ұстап, қарсылас командаға қауіпті сәттер жасауға мүмкіндік бермеді. Кездесудің соңғы бөлігінде алаң иелері тағы бір гол соғып, есепті 3:1-ге жеткізді.

Осы жеңістен кейін «Ордабасы» 52 ұпай жинап, Премьер-лига турнирлік кестесінің көшін жалғастырып келеді. Шымкенттік клуб екінші орында тұрған алматылық «Қайраттан» 2 ұпайға озып тұр.

Ал «Алтай» 19 ұпаймен турнир кестесінің төменгі жағында қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0