Мыңдық санаттағы жарыстардағы жеңіс саны 23-ке жетті7
Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымдағы WTA 1000 турнирлерінде ең көп жеңіске жеткен теннисші атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық спортшының мыңдық санаттағы жарыстардағы жеңіс саны 23-ке жетті. Бұл – биылғы маусымдағы әйелдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш.
Рыбакина бұл межеге Цинциннати турнирінің екінші айналымында америкалық Тейлор Таунсендті 6:3, 6:4 есебімен жеңгеннен кейін жетті.
Сонымен қатар қазақстандық теннисші 2026 жылы қатты төсеніште өткен WTA турнирлерінің негізгі кезеңдерінде 27 рет жеңіске жетіп, бұл көрсеткіш бойынша да көш бастап тұр.
Қазір әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Рыбакина Цинциннати турниріндегі жолын жалғастырып жатыр. 17 тамызда ол үшінші айналымда әлемнің 41-ракеткасы, польшалық Магдалена Фрехпен кездеседі.