$ 464.02  536.18  5.54

Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазбен жекпе-жекті Нью-Йоркте өткізгісі келеді

Бұл туралы боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Фото: Инстаграм
Фото: Инстаграм

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO ұйымының орта салмақтағы әлем чемпионы Хамза Ширазға қарсы міндетті жекпе-жегін Нью-Йоркте өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлімханұлының айтуынша, жекпе-жекті дәл осы қалада өткізуге себептің бірі – Нью-Йоркте қазақ жанкүйерлерінің көп болуы. Бұл туралы боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Top Rank Хамзамен жекпе-жегімізді ұйымдастырып, оны Нью-Йоркте өткізеді деп үміттенемін. Себебі ол жерде қазақтар көп! Арена толығымен менің жанкүйерлеріме толады», – деп жазды Әлімханұлы.

Бұған дейін WBO Жәнібек Әлімханұлын Хамза Шираздың чемпиондық титулына міндетті үміткер ретінде бекіткен болатын.

Енді екі боксшының командалары жекпе-жек шарттарын өзара келісу үшін 20 күн уақыт алды. Егер белгіленген мерзімде ортақ мәмілеге келе алмаса, жекпе-жекті өткізу құқығы арнайы сауда арқылы анықталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0