$ 458.23  535.99  5.46

«Король оралды»: Шавкат Рахмонов жаттығуға қайта кірісті

Бапкері Оразалы Алдыбаев әлеуметтік желіде видео жариялады. 

Фото: UFC
Фото: UFC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов ұзақ үзілістен кейін жаттығуға қайта кірісті. Оның соққы техникасы бойынша бапкері Оразалы Алдыбаев әлеуметтік желіде Рахмоновпен бірге жаттығып жатқан сәтінен бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадрлардан қазақстандық спортшының соққы техникасын пысықтап, дене дайындығын қалпына келтіріп жатқаны көрінеді.

«Тосынсый! Король оралды. 77 келі», – деп жазды Алдыбаев.

Шавкат соңғы жекпе-жегін 2024 жылғы 7 желтоқсанда UFC 310 додасында өткізді. Сол кездесуде ол Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді. Кейін Рахмонов тізесінен ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт жарыстан тыс қалды. Жарақатына байланысты оған екі рет ота жасалып, бірнеше ай бойы оңалту кезеңінен өтуге тура келді.

Соған қарамастан, қазақстандық спортшы кәсіби мансабында әлі жеңіліп көрген жоқ. Оның еншісінде 19 жекпе-жек пен 19 жеңіс бар. Соның 18-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0