Кездесу бар болғаны 28 минутқа созылды.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі жорығын аяқтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Отандасымыз жарақатына байланысты ширек финалдық кездесуді жалғастыра алмады. Соның нәтижесінде Польша өкілі, әлемнің бесінші ракеткасы Ига Швёнтек жарыстың жартылай финалына өтті.
Матч барысында Рыбакина алғашқы сетте 1:4 есебімен жеңіліп жатқан кезде ойыннан бас тартты. Кездесу бар болғаны 28 минутқа созылды.
Ойын статистикасына сәйкес, Рыбакина бір эйс жасап, бір рет қос қателікке жол берді және жалғыз брейк-пойнтын пайдалана алмады. Ал Швёнтек бір брейк-пойнтты сәтті жүзеге асырған.