$ 458.23  535.99  5.46

Ғабит Расулхан дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол финалда Канада спортшысы Роман Семирозумды жеңді.

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Қазақстандық дзюдошы Ғабит Расулхан Эквадордың Гуаякиль қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол финалда Канада спортшысы Роман Семирозумды жеңді. Сондай-ақ, ол финалға дейін Алжир, Түркия, Украина, Жапония дзюдошыларын жарыс жолынан шығарды.

Сонымен қатар, ел қоржынына Әділжан Нұрбекен (-50 кг) мен Адия Жанахмет (-40 кг) - күміс, Бекарыс Құдайберген (-50 кг) мен Ахмет Баубек (-60 кг) қола жүлдені салды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде-ақ 1 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлде жеңіп алып, медаль кестесінде көш бастады.

23 тамызға дейін жалғасатын әлем біріншілігіне 59 елден 457 жас татами шебері қатысып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0