$ 456.88  534.64  5.47

Шұғыл көмек керек: Қазақстандық футболшы ауыр детке шалдықты

Осыған байланысты футболшының жақындары шұғыл қаражат жинауды бастаған.

Фото: help-primzhanov-timur.kz
Фото: help-primzhanov-timur.kz

Қазақстандық футболшы Тимур Примжанов ауыр дертпен күресіп жатыр. Оған жедел миелобластық лейкоз диагнозы қойылып, сүйек кемігін ауыстырып салу қажет болған. Спортшының отбасы емге қажетті қаражатты жинау үшін көпшіліктен көмек сұрады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Примжановқа қажетті емді Түркиядағы клиникалардың бірінде жүргізуге мүмкіндік бар. Алайда сүйек кемігін ауыстырып салу және емдеу шығындарын өтеу үшін 70 миллион теңге жинау қажет.

Осыған байланысты футболшының жақындары шұғыл қаражат жинауды бастаған.

Тимур Примжанов қазақстандық жанкүйерлерге ел чемпионатындағы өнерімен таныс. Ол әр жылдары «Атырау», «Ордабасы», «Оқжетпес», «Каспий», «Яссы Сайрам», «Ақ-Бұлақ» және «БИІК Шымкент» командаларының намысын қорғаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0