$ 456.88  534.64  5.47

Шымкентте бокстан қаланың ашық чемпионаты өтуде

Жарыс барысында қатысушылар әр салмақ дәрежесінде бақ сынап, техникалық және тактикалық дайындығын көрсетеді.

Фото: Ұйымдастырушылардан
Фото: Ұйымдастырушылардан

Шымкент қаласында 2011–2012 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан қаланың ашық чемпионаты өтуде. 24-29 тамыз аралығына жоспарланған дүбірлі додаға 200-ге жуық жас боксшы қатысып, өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жарыс барысында қатысушылар әр салмақ дәрежесінде бақ сынап, техникалық және тактикалық дайындығын көрсетеді. Атап айтқанда, 15 салмақ дәрежесі бойынша (42,44,46,48,50,52,54,57,60,63,66,70,75,80,+80 кило) жеңімпаз және жүлдегерлер анықталады.

Ашық чемпионаттың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында боксты кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жас спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және үздіктерді анықтау.

Ашық чемпионат Дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде ұйымдастырылған.


Мұндай жарыстар жас спортшылардың тәжірибесін арттырып қана қоймай, Шымкент қаласының бокс мектебін танытуға және болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0