$ 457.99  534.15  5.47

Шавкат Рахмоновтың жаңа видеосы жанкүйерлерін қуантты (ВИДЕО)

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC октагонына соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында шыққан. 

Фото: Матч ТВ
Фото: Матч ТВ

Ұзақ уақыт ем қабылдаған қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов жаттығу процесін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Instagram желісіндегі oraz_coach парақшасында спортшының жаттығу барысынан видео жарияланды. Кадрлардан Рахмоновтың бокстан екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбаймен бірге жаттығып жатқанын көруге болады. Файтер белгілі бір сәтте боксшыға тұншықтыру әдісін қолданған.

«Чемпиондар», – делінген жарияланымда.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC октагонына соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында шыққан. Ол кезде қазақстандық спортшы Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген еді.

Осы жекпе-жектен кейін Рахмоновтың тізесінде мәселе туындап, соның салдарынан ол ұзақ уақыт бойы спорттан тыс қалды.

Бұған дейін UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде екінші орында тұрған қазақстандық файтердің октагонға 2027 жылдың басында қайта оралуы жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0