Жекпе-жек қарсаңында Еркебұлан Тоқтардың жаттықтырушысы Әлішер Ертай спортшының дайындығы мен қарсыласын зерттеу барысы туралы айтып берді.
Актер әрі жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар осы жұмада Астанада өзбекстандық муай-тайдан әлем чемпионы Бобиржон «Испанчик» Исроиловпен бокс ережесі бойынша шаршы алаңға шығады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы,
Жекпе-жек қарсаңында Еркебұлан Тоқтардың жаттықтырушысы Әлішер Ертай спортшының дайындығы мен қарсыласын зерттеу барысы туралы айтып берді.
Жаттықтырушы қарсыластың бұрынғы жекпе-жектерін мұқият қарап, оның алыстан соққы жасауға бейім екенін байқаған. Осыған байланысты қазақстандық спортшы арнайы тактика бойынша дайындалған.
«Өзіміздің қойған тактикамыз да бар. Сол балаға дайындалдық. Қалай ұруға болады, қандай жері бар екен деп зерттедік. Өз ойымда болжамым бар, қазір айтпай-ақ қояйын», – деді ол.