$ 455.4  526.99  5.25

Көшпенділер ойындары: Көкпардан Қазақстан құрамасы Ресейді ойсырата жеңді

14:1 есебімен басым түсті.

Фото: Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы
Фото: Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы

Ыстықкөлде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуін жоғары нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ұлттық құрама Ресейден келген қарсыластарын ірі есеппен жеңіп, 14:1 есебімен басым түсті.

Қазақстан командасы жарыстың басты фавориттерінің қатарында тұр. Енді ұлттық құрама топтық кезеңдегі келесі ойынын Венгрия құрамасына қарсы өткізеді.

Сонымен қатар бүгін, 3 қыркүйек күні сағат 16:00-де көк бөрүдөн Қазақстан мен Тәжікстан құрамалары алаңға шығады.

Кездесуді Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен көруге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0