$ 455.4  526.99  5.25

Александр Бублик Маннариноны тас-талқан етіп, келесі кезеңге өтті

Теннисшілер кортта 1 сағат 22 минут ойнады.

Фото: Инстаграм
Фото: Инстаграм

Александр Бублик US Open турнирінің үшінші айналымына шықты,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстанның бірінші ракеткасы US Open-2026 турнирінің екінші айналымында әлемнің 67-ракеткасы, француз Адриан Маннариноны жеңді. Бублик қарсыласын 6:3, 6:1, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

Теннисшілер кортта 1 сағат 22 минут ойнады. Бублик 16 эйс жасап, үш қос қателік жіберді және 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Ал Маннарино бір эйс жасап, үш қос қателікке жол берді. Француз теннисшісі үш брейк-пойнттың ешқайсысын жүзеге асыра алмады.

Енді қазақстандық теннисші үшінші айналымда Дино Прижмич (Хорватия) пен Томми Полдың (АҚШ) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, US Open-2026 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтеді. Турнирдің қазіргі чемпионы – испаниялық Карлос Алькарас.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0