$ 456.56  530.52  5.28

Айдана Құмартаева Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды

Тартысты белдесуде қарсыласы басым түсіп, Айдана Құмартаева жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан WT таеквондодан әлемдік Гран-при сериясында Қазақстан құрамасы алғашқы медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Турнирдің алғашқы жарыс күнінде 49 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Айдана Құмартаева жүлделі үшінші орыннан көрінді. Отандасымыз жартылай финалда Қытай Тайбэйінің әлем чемпионы Лю Ю-юнмен кездесті.

Тартысты белдесуде қарсыласы басым түсіп, Айдана Құмартаева жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Муджу қаласындағы бәсекеге Қазақстаннан алты спортшы қатысып жатыр. Жалпы турнирде әлемнің 46 елінен келген 248 таеквондошы бақ сынауда.

Айта кетейік, Муджудағы дода – биылғы Гран-при сериясының екінші кезеңі. Маусымның қорытынды жарысы күзде Астана қаласында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0