$ 456.56  530.52  5.28

«Бернли» бапкері Дастан Сатпаевтың жарақатына қатысты мәлімдеме жасады

18 жастағы қазақстандық футболшы жарақатына байланысты бірнеше апта бойы командаға көмектесе алмайды.

Фото: REUTERS
Фото: REUTERS

«Бернли» клубының бас бапкері Ники Хайен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаевтың жарақатына байланысты алаңға қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

AmanVibe мәліметінше, бельгиялық маман бұл туралы Англия чемпионатының Чемпионшип лигасындағы бесінші тур аясында «Бристоль Ситиге» қарсы өткен матчтан (1:2) кейін мәлімдеген.

Хайеннің айтуынша, 18 жастағы қазақстандық футболшы жарақатына байланысты бірнеше апта бойы командаға көмектесе алмайды.

«Өкінішке қарай, ол бірнеше аптаға қатардан шықты. Бұл – назар аударуды қажет ететін белгілердің бірі. Бұған дейін айтқанымдай, ол маусым алдындағы дайындықтан өтті. Бірақ дайындығы толыққанды болған жоқ. Біз ойыншыларға қажетті жүктемені беруге тырысамыз, сонымен қатар оларды шамадан тыс жүктемеден қорғауға күш саламыз. Мұнда дұрыс тепе-теңдікті табу қажет», – деді Хайен.

Айта кетейік, Чемпионшиптің бұған дейінгі турында Сатпаев «Мидлсброға» қарсы матчты (1:1) негізгі құрамда бастап, кездесудің үздік ойыншысы атанған еді. Ойынның 81-минутында алаңнан ауысқан кезде қазақстандық шабуылшы жамбасының артқы тұсын ұстап қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0