$ 456.56  530.52  5.28

Арина Соболенко US Open 2026 турнирінің ширек финалына жолдама алды

Кездесуден кейін Арина Соболенко қарсыласының ойынына жоғары баға берді.

Фото: Инстаграм
Фото: Инстаграм

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко US Open 2026 турнирінің ширек финалына өтті,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Беларусь теннисшісі төртінші айналымда WTA рейтингінде 96-орында тұрған америкалық Тэйлор Таунсендті жеңді.

Sportarena.kz мәліметінше, матч 1 сағат 15 минутқа созылған. Кездесу 6:4, 6:3 есебімен Соболенконың пайдасына аяқталды.

Матч барысында беларусьтік спортшы екі эйс жасап, екі қосарланған қателік жіберді. Ол 14 брейк-пойнттың жетеуін пайдалана алды. Ал Таунсенд алты эйс орындап, доп қабылдау кезінде үш қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың төртеуін жүзеге асырды.

Кездесуден кейін Арина Соболенко қарсыласының ойынына жоғары баға берді. Теннисші матчтың қорытынды есепке қарағанда әлдеқайда қиын өткенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0