$ 456.56  530.52  5.28

Шавкат Рахмонов Махачев пен Царукянның жекпе-жегіне болжам жасады

Кейін қазақстандық файтердің тізесіне қатысты мәселелер туындап, ол ұзақ уақыт октагоннан тыс қалды. 

Фото: Тұрар Қазанғапов
Фото: Тұрар Қазанғапов

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Ислам Махачев пен Арман Царукян арасында жекпе-жек өтсе, ресейлік спортшы жеңіске жетеді деп санайды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Рахмонов ALF Global YouTube арнасына берген сұхбатында жеңіл және жартылай орта салмақтағы екі мықты файтердің ықтимал кездесуі туралы пікір білдірді.

Журналистің «Арман ба, әлде Ислам ба?» деген сұрағына қазақстандық спортшы қысқа жауап берген.

— Меніңше, Ислам жеңеді, — деді Рахмонов.

Ол қазіргі таңда Махачевтің Царукяннан мықты екенін де атап өтті.

Махачев соңғы жекпе-жегін 16 тамызда UFC 330 турнирінде өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген. Осылайша ол жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.

Ал Арман Царукян октагонға соңғы рет 2025 жылғы 22 қарашада шығып, Дэн Хукерді екінші раундта мерзімінен бұрын жеңген. Қазір ол UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде екінші орында тұр.

Шавкат Рахмонов болса, соңғы жекпе-жегін 2024 жылғы желтоқсанда UFC 310 турнирінде өткізіп, Иэн Мачадо Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген. Осы жеңістен кейін оның кәсіпқой рекорды 19-0 болып, жеңіліссіз қалды.

Кейін қазақстандық файтердің тізесіне қатысты мәселелер туындап, ол ұзақ уақыт октагоннан тыс қалды. 31 жастағы Рахмоновтың октагонға 2027 жылдың басында оралуы жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0