$ 450.91  522.69  5.33

«Ол менің жауым емес»: Жәнібек Әлімханұлы Шираздың титулына таласатынын мәлімдеді

Тамыз айында Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Хамза Ширазға титулын Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекте қорғауды міндеттеген еді.

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) қазір британдық Хамза Ширазға (24-0-1, 19 КО) тиесілі WBO нұсқасы бойынша суперорта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін жеңіп алуды көздеп отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

— Ол менің жауым емес. Маған тек оның титулы керек. Мұнда жеке бастың ешқандай мәселесі жоқ, — деген Әлімханұлы Ширазбен бірге түскен суретін X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Еске салайық, тамыз айында Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Хамза Ширазға титулын Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекте қорғауды міндеттеген еді. Белгіленген мерзім ішінде боксшылардың командалары жекпе-жек өткізу туралы келісімге келе алмады. Осыдан кейін жекпе-жек промоутерлік саудаға шығарылды.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпионымен жекпе-жекке қатысты пікір білдіріп, Хамза Ширазбен ықтимал жекпе-жекке қаншалықты қызығушылық танытатынын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0